Chania
20
13.04.2024
"Таза Қазақстан" акциясы басталды!

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты. Этномәдени бірлестіктер, "Ассамблея жастары" жастар қозғалысының өкілдерімен бірге орталық саябақты тазалауға "Қоғамдық келісім" қызметкерлері де ат салысты. Сенбілікке қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар табиғатқа пайда әкеліп қана қоймай, достық пен бірлікті нығайтып, өзара қарым-қатынасқа жағымды әсер тигізеді.